Қазақстанда Zhas project жобасы арқылы 250-ге жуық бастама қаржыландырылады

Қазақстанда Zhas project жобасы арқылы 250-ге жуық бастама қаржыландырылады
Сурет: Qazaqtv.com

Биыл елімізде  жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді.

Оның асында әр қатысушы өз жобасын дамытуға 1 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. Zhas Project жобасы Қазақстан жастарының мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қатысушылар әлеуметтік жобаларды іске асыра алады. Сондай-ақ, олар тәлімгерден кеңес пен бағдар алады. Айта кетейік, байқауға 18-28 жас аралығындағы жастар қатысады. Құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Биыл жобалардың айтарлықтай бөлігі Маңғыстау облысында жүзеге асырылғалы отыр.

«Қатысушылар өз жобасының қай бағытта болатынын шешкеннен кейін біздің веб-сайтта тіркеліп, өз өтінімдерін беруі қажет. Барлық тіркелген өтінімдер екі кезеңдік іріктеуден өтеді. Алдымен техникалық іріктеу. Мұнда жобаның негізгі талаптарға сәйкестігі тексерілсе, екінші жобаның конкурстық комиссия өткізіледі», - дейді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Наурызбек Мағдатов.