Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған жедел желі іске қосылды

Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған жедел желі іске қосылды
Сурет: Stan.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты «жедел желі» жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша «жедел желі» іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз», делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.

Аталмыш заң келесі принциптерге негізделеді:

  • иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
  • жануарларды қатыгездіктен қорғау;
  • халықты жануарларға адамгершілікпен және мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Сонымен қатар құжатта халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау, жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу қарастырылған.