Қазақстанда сүт бағасы өзгере ме – министрдің жауабы

Қазақстанда сүт бағасы өзгере ме – министрдің жауабы
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды сүт өнімдерімен қамту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Тауарлы сүт бойынша біз әлі өз қажеттілігімізді өзіміз жаба алмаймыз. Биыл еліміздің барлық өңірінде 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл мақсатта 100 млрд теңге бөлінді, осылайша тағы 537 мың тонна сүт өзімізде өндіріледі. Шамамен 30 ферма биыл қолданысқа беріледі», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, көршілес елдерде сүт бағасының арзандауы байқалған.

«Оның үстіне біз ірі тауарлы-сүт фермаларына сүттің әр литріне 45 теңгеден субсидия береміз. Сондықтан, елдегі сүт бағасы жағдайы тұрақты, еш дағдарыс болмайды», - деді министр.