Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді
Сурет: Gov.kz

Мамандар құжаттың ерекшеліктері туралы айтты. 

Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТаг сілтеме жасап. 

«Тұжырымдамада «бір терезе» қағидаты бойынша мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген. Ол мигранттарды цифрлық сәйкестендіруге, қажет болған жағдайда, олардың жүріп-тұруын бақылауға мүмкіндік береді»,- деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов сейсенбі күні. 

Бұл санаттағы кадрларға он жылдық «Ғылыми-педагогикалық виза» берудің оңайлатылған тәртібін енгізу көзделіп отыр. 

«Оларға Қазақстанда тұрақты тұру үшін ықтиярхат алу, одан кейін азаматтық алу мүмкіндіктері қарастырылады. Дәл осындай мүмкіндікті тапшы мамандықтар бойынша оқитын шетелдік студенттер қатарынан магистранттар мен бакалаврларға да беру қарастырылған», - деді Тамара Дүйсенова. 

Министрдің айтуынша, «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының бірінші бағыты – Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыруды көздейтін білім беру иммиграциясы. 

«Бұл бағыттағы жұмыс жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын күшейтуге және білім беру сапасын арттыруға арналған. Ол үшін 100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды Қазақстанға тарту ұсынылады»,- деп мәлімдеді Дүйсенова.