Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Сурет: Vlast.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 173 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», деп жазды Денсаулық министрлігінен.