Референдум – елдің болашағына әсер ететін демократия институты

Референдум – елдің болашағына әсер ететін демократия институты
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Аталған күн тәртібімен Алматыда «TALQYLAU» диалог алаңының алғашқы отырысы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қоғамның прогрессивті бөлігі бола отырып, аманаттықтар мемлекеттік-саяси модельдің жүйелі трансформациясының бағытына баса назар аударды. 

«Бұл идея әрбір қазақстандықты елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңартуға деген біртұтас ұмтылысқа біріктіреді. AMANAT партиясының Алматы қалалық штабының жетекшісі Мейіржан Отыншиев: «Мемлекет пен қоғамның өзара іс – қимылының жаңа моделіне көшу – «Жаңа Қазақстанның» бағдарларының бірі», - деп атап өтті өз сөзінде.

Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша: «Өзара байланыстың жаңа моделіне көшу Парламенттің қарқынды жұмысын, заң жобаларын жедел қарауды талап етеді. Мәжілісті қалыптастырудың аралас үлгісін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту – осы және басқа да конституциялық өзгерістер Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтіп, мәртебесін көтереді». 

Жоғарыда аталған спикерлердің сөздерін Алматы қаласы мәслихатының AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Алтынай Көбеева мен Қали Сәрсенбай қолдады. Теледидар жобаларының авторы және жүргізушісі Алмас Сағынұлы диалог алаңының модераторы болды. Кездесуге саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам белсенділері мен журналистер де қатысты.

Еске салсақ, Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған болатын. Осыдан кейін Негізгі заңға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңашылдықты референдум арқылы емес, ел парламенті арқылы мақұлданды.  1995 жылдан бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы маңызды. 

Конституциялық түзетулер бойынша республикалық референдумға барлығы 1,1 млн алматылық қатысады. Бүгінгі таңда партияның қалалық штабы мегаполистің екі жүз еңбек ұжымында 10 мыңға жуық адамды қамтыды. Конституциялық түзетулерді түсіндіру бойынша белсенді жұмыс 3-ші маусымға дейін жалғасады.