Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

7 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирусты бір тәулікте тағы 114 адам, коронавирус белгілері бар пневмонияны 3 адам жұқтырды. Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды.

Жалпы, осы күні коронавирус инфекциясынан 1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 197 (КВИ-) - барлығы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.