Алматылықтар күніне 700 мың текше метр су тұтынады

Алматылықтар күніне 700 мың текше метр су тұтынады
сурет: Inform.kz

Ауыз су сапасы тәулік бойы қадағаланады. Тіршілік көзі тұтынушыға жетпес бұрын әбден тазартылады. Тау суы арнайы дөңгеленген қауыздарға жиналып, сонда тұндырылады. Тұндырылған мөлдір су әрі қарай сүзгі стансасына барып құйылады.
«Алматы су» мекемесінің мамандары халықты таза сумен қамту үшін жылына 70 мыңға жуық сынама алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Алматы су» мекемесінің мамандары халықты таза сумен қамту үшін жылына 70 мыңға жуық сынама алады екен. Ал, алматылықтар күніне 700 мың текше метр су тұтынады. Бұл сұранысты жабу үшін  қазір қалада екі су сүзу стансасы жұмыс істейді. Жыл соңында тағы біреуі іске қосылады. «Сүзгіден өткен су таза су резервуарына барады. Ол жерде суды біз тағы да залалсыздандырамыз. Бұл этап үздіксіз жүреді жалпы 24-те 7», – деді қаланы сумен қамтып отырған Бас су тазарту ғимаратының инженер-технологы Ұлбосын Бүркітова.

Бірнеше кезеңдік сүзгіден өткеннен кейін су залалсыздандырылады. Залалсыздандыру үшін арнайы қарапайым тұз қолданылады. Тұз белгілі ыдысқа салынғаннан кейін арнайы бөшкеге апарып төгіледі. Сол жерде электролиз процесінен өтеді. Нәтижесінде натрий хлориді алынады. Алынған натрий хлориді сумен араластырылып, суымыз тазартылады.

Жалпы, Алматының 40 пайызы таудан келетін өзендер мен 60 пайызы жерасты сулары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл бекет арқылы Бостандық пен Алмалы ауданы су тұтынып отыр. Қала бойынша қазір осы сияқты бірнеше станса салу жоспарланған. Біреуі биыл жыл соңында іске қосылмақ.

«Ол салынып бітетін болса, қаланың 35 мыңға жуық, яғни Наурызбай ауданының 35 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмек. Ол жерде Қарғалы өзенінде сүзгі стансасы салынып жатыр», - деді  «АЛМАТЫ СУ» МКК ресми өкілі Ақбота Жылысова.

Судың құрамы халыққа жеткен соң да химиялық-бактериологиялық тексерістен өтіп, сарапталып отырады. Ол үшін мамандар мектеп, емхана сияқты орындардан күнде сынама алады.
«Суды қорықпай қолдануыңызға болады. Себебі тұтынушыларға беретін суды біз сағат сайын тексеріп отырамыз. Егер сәл өзгеріс болса, біз сол жергілікті тексеріп отырған мекемеге хабарласып айтып тұрамыз», – деді химиялық-бактериологиялық зертхана басшысы Күлшат Табаева.
Сондай-ақ мамандар судың кермектігін, түсін, дәмі мен иісін де тексереді.