Күнделікті қолданысқа енген сөз

Күнделікті қолданысқа енген сөз
almaty-akshamy.kz

Пандемия кезінде онлайн оқытуды бүкіл оқу орындары кеңінен пайдаланды. Үш-төрт жыл бұрын «онлайн», «офлайн» деген термин сөздерін мүлдем қолданбайтынбыз. Қазір екі сөзіміздің біріне айналған бұл терминдер ұстаздар қауымының күнделікті қолданысына енді.

Онлайн сабақ, онлайн жиналыс, онлайн жұмыс қызметкерлерді аса қауіпті және жұқпалы ковид-19 ауруынан сақтады. Осындай заманауи соңғы технологиялардың әртүрлі платформалары уақытыңды жоспарлауға, жұмысыңды, оқуыңды, қоғамдық қызмет және жеке шаруаларыңды үйлесімді түрде атқаруға көмегін көп тигізді. Біздің мемлекетіміз цифровизацияның үздіксіз дамуының арқасында бұл сынақтан абыроймен шықты.

«Денсаулық - басты байлық» деп ковидке қарсы екпе алған ұстаздар мен студенттер биылғы оқу жылын офлайн түрде жоғарғы оқу орындарында жүздесті. Мәселен, отандық білім беру саласының көшбасшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн мен офлайн сабақтарын жүрзгізу үстінде. Жүргізіліп отырған аудиториядағы офлайн сабақтары бүкіл санитарлық талаптарға сай орындау арқылы өткізілуде.

«Ашық» жүйесі арқылы университетке кіріп, білім алып жатқан студенттердің көбі ковидке қарсы екпе алған.

Алдағы уақытта елімізде вакцинаның көмегімен ковид-19 дертінен құтылып, білім ошақтарында ұстаздар мен студенттердің офлайн түрінде қауышатын күн болатынына сеніміміз мол.