Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы 13-орынмен аяқтады

Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы 13-орынмен аяқтады
Cурет: Olympic.kz

Ол әйелдер арасында 3000 м қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті

Бейжіңдегі өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькишілер мұз айдынға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова бірінші болып жарысқа түсті. Ол әйелдер арасында 3000 м қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті. Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтап, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Дегенмен ол осы көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстарды отандық «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары тікелей эфирден көрсетіп жатыр. XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды.