Қазақстанда Air Arabia әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда Air Arabia әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: Airarabia.com

Компания Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзған.

Air Arabia әуекомпаниясына 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, Алматы – Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауы шетелдік әуе компаниясына айыппұл салуға себеп болған.

Комитет жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқығын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын атап өтті.

"Авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қабылданады", - деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.