Қазақстан ҰОК президенті Италияға арнайы барды

Қазақстан ҰОК президенті Италияға арнайы барды
almaty-akshamy.kz

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирге боксшыларымызды қолдауға арнайы барды

Аталған сында Париждегі Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

«ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары», - делінген ресми хабарламада.