Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Сурет: Egemen.kz

Ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, М.Адиевтің кандидатурасы аталған ұйымның атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

М.Адиев ойыншы ретінде ресейлік «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» секілді клубтар сапында доп тепті. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды. 2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, командасымен УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Сонымен қатар қарағандылық клуб Қазақстан кубогының финалына дейін жетті.