Қазақстан туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-орыннан төмен болмауға тиіс

Қазақстан туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-орыннан төмен болмауға тиіс
ru.pinterest.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырсында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазақстандық такси жүргізушісі шетелдік қонақтарды әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізіп салған жағдай бәрінің есінде. Қонақүйлер мен жалпы турлардың, сондай-ақ ішкі билеттердің жоғары бағаларына, туристерге қызмет көрсету уақытына қатысты шағымдар бар. Мұндай келеңсіз жайттар елдің имиджіне нұқсан келтіреді», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, тиісті ведомствоның алдындағы міндетті атады.

«Қазақстан 2029 жылға қарай Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-орыннан төмен болмауы тиіс. Алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек», - деді Премьер-министр.