Қазақстан теннисшілері әлемдік рейтингте позицияларын жақсартты

Қазақстан теннисшілері әлемдік рейтингте позицияларын жақсартты
Сурет: Prosports.kz

Жаңартылған рейтинг жарияланды. 

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасты. 

Юлия Путинцева енді әлемдік рейтингіде 55-ші, Зарина Дияс 499-шы орында тұр.

Жұптық разрядта Анна Данилина өзінің жеке рекордын қайталап, 19-шы орынға көтерілді. Жібек Құламбаева да өз позициясын жақсартып, 186-ыншы болды.