Қазақстан тарихын QR код арқылы тануға мүмкіндік туды

Қазақстан тарихын QR код арқылы тануға мүмкіндік туды
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстан тарихын танудың жаңа мүмкіндігі.

Атырауда кез келген адам Сарайшық қалашығы мен мұражай-қорығы, Хиуаз Доспанова, Жұмекен Нәжімеденов және Дина Нұрпейісованың ескерткіштері туралы QR-кодтар арқылы біле алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, өңірдің мәдени мұрасын цифрландыру жобасына жергілікті бюджеттен 15 млн теңгеге жұмсалды. Қазір облыста республикалық маңызы бар 4 және жергілікті деңгейдегі 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

«Бес тілде ақпарат ала алады. Яғни қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше және қытай тілдерінде. Бұл ақпаратты оқу және аудиожазба тыңдау арқылы және 3D тур жүргізу арқылы ақпараттар беріледі. Бұл басқа облыстардан, шетелден келген туристерге өте ыңғайлы жоба», - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Әлима Рамазанова.

Ал Павлодарда белгілі ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің әдеби мұрасы барынша насихатталуда. Белгілі тарихи тұлғалар жайлы ақпарат аялдамаларға орналастырылған. Жалпы, мұндай шағын мұражайларды 40-тан астам осы сынды жерлерде ұйымдастыру көзделген. Жоба авторлары осылайша қала тұрғындарын Қазақстан тарихына елеулі үлес қосқан біртуар тұлғалардың тағлымды өмірі және шығармашылығымен етене таныстыруды місе тұтқан.

«Бұл жердегі ең керемет дүние, кез келген тұрғын аялдамада автобусты күте тұрып, осы елге, осы далаға қызмет еткен, осы дала үшін өздерінің барын салған азаматтарды тани түседі», - деді облыстық мәдениет және тілдірді дамыту, архив істері басқармасы басшысының м.а Медет Тауасқан.