Қазақстан «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастайды

Қазақстан «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастайды
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Қазақстан «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

«Қазақстан тыйым салынған террористік ұйымдардың тізімін жүйелі түрде қайта қарап жаңартып отырады. «Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ қарарларына сәйкес Талибанды одан шығару туралы шешім қабылданды», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті болып табылатын қарарларына сәйкес, Талибан террористік деп таныған ұйымдар құрамына кірмейді», деп түсіндірді ол шешімді.