Қазақстан Президентінің Әзірбайжанға ресми сапары аяқталды

Қазақстан Президентінің Әзірбайжанға ресми сапары аяқталды
Сурет: Дереккөз


Келіссөздер жүргізілді

Мемлекет басшысының Әзірбайжанға ресми сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев жылы қоштасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы ресми сапармен Әзірбайжанға барып, Ильхам Әлиевпен кездесті. Сондай-ақ Президент Әзірбайжан басшысымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, екі ел арасында маңызды бірқатар құжатқа қол қойылды.
Келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекеттер басшылар мәлімдеме жасады.

«Біз ықпалдастықты басынан бастадық және бүгінде біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық туралы сенімді түрде айта аламыз. Осы серіктестігімізді одан әрі нығайту, оны әртараптандыру туралы декларацияға қол қойылды. Бұл – алға қарай жасалған нақты қадам. Арамызда сенімді саяси диалог орнады, мемлекеттеріміз халықаралық алаңдарда, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ, Түрік мемлекеттерінің ұйымы аясында ынтымақтасып келеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 3 есе артқанын атап өткім келеді, яғни өсу қарқын сақталып келеді. Алайда жалпы алғанда, бұл нәтиже айтарлықтай көп емес, сондықтан бүгін өзара сауданың абсолютті көрсеткішін арттыруға күш салу жөніндегі уағдаластыққа қол жетті. Мүмкін жақын болашақта миллирадтық меже туралы айтатын болармыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.