Қазақстан президенті ресми сапармен Қырғызстанға барады

Қазақстан президенті ресми сапармен Қырғызстанға барады
Сурет: 24.kz

Қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін дамыту жайы қарастырылады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда Қырғызстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ел президентінің ресми сайты атап өткендей, Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.

Бішкекте екі мемлекет басшысының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған. Келіссөздің күн тәртібіне саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылады.

Келесі күні, 27 мамырда Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция байланысы режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.