Қазақстан Пәкістанға жаңа бағдармен жүк көліктерін жөнелтті

Қазақстан Пәкістанға жаңа бағдармен жүк көліктерін жөнелтті
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан пилоттық режимде Ауғанстан арқылы Пәкістанға жаңа сауда бағдарымен бірнеше жүк көлігін жөнелтті.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Біз пәкістандық National Logistics Cell компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ол қауіпсіз режимде Пәкістан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын қамтамасыз етеді. Таяуда пилоттық жобаны іске қостық және бұл бағдармен бірнеше жүк көлігі аттанды. Бұл ретте жүк Қазақстаннан Пәкістанға және кері бағытта 4 мың шақырым жолда болады. Бұл өңірлік даму тұрғысынан алып қарағанда айтарлықтай үлкен арақашықтық емес», - деді вице-министр еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық жеткізу үшін Өзбекстанмен өзара іс-қимылды жалғастырады. Мұнан бөлек, Түрікменстан аумағы арқылы Ауғанстан бағытында жүк тасымалдауда 30 пайыздық жеңілдік жасау туралы да аталған елмен уағдаластық бар.