Қазақстан өзге елдерге электронды үкіметті үйретеді

Қазақстан өзге елдерге электронды үкіметті үйретеді

Қазақстандық мамандар Орталық Азия елдерінен келген мемлекеттік қызметкерлерге Электрондық үкіметті үйретті.

Еліміздегі халықаралық даму агенттігі "Достық – Цифрландыру" бағдарламасын ұйымдастырған. Дәріс сағаттарында Қырғызстан мен Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген тыңдаушылар “EGOV” порталының тәжірибесін зерттейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландырып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған семинар 5 күнге жалғасады. Оқытушылар қатарындағы отандық мамандардан бөлек Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінің профессоры да тәжірибесімен бөліседі.

«Тәжікстан Республикасында қазір Электронды Үкімет бағдарламасын енгізу жұмыстары өте белсенді. Екі жыл ішінде Цифрлық басқару жүйесіне толықтай көшу туралы Президенттің жарлығы бар. Сондықтан мен бірінші кезекте электрондық үкімет қызметінің қыр-сырын үйретуді өтіндім», - семинарға қатысушы (Душанбе) Бахром Мансуров.