Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатады

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қос елдің Сыртқы істер министрлігі өкілдері қазір келіссөз жүргізіп жатыр.

Олар достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вьетнам тарапы екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңызына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін айтты.