Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалы жөніндегі меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалы жөніндегі меморандумға қол қойды
Сурет: Turkystan.kz

Қазақстан мен Люксембург әуе қатынасы жиілігін көбейтуге келісті.

Бұл туралы Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер жөніндегі министрі Жан Ассельборн Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөзден кейін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Біздің екіжақты қатынасымыз жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Бұл біздің көпжақты форматтағы ынтымақтастығымызда да анық байқалады. Біз Қазақстанның нақты жан-жақтылыққа бағытталған сыртқы саясатын құрметтейміз. Және де мұның әлемдегі проблемаларды шешудің жалғыз тәсілі екенін түсінеміз», - деді Жан Ассельборн келіссөзден кейінгі брифингте.

Мәртебелі мейман келіссөз барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

«Ұлттық көлік компаниямыз – «КаргоЛюкс» Қазақстан арқылы Қытайдан Люксембургке жүк жеткізетін болады. Бұл – Еуропадағы ең үлкен әрі жалғыз компания. Сондықтан да біз рейс санын 7-ден 12-ге дейн арттып, жүк айналымын ұлғайта аламыз. Мұның бәрі бір апта ішінде орындалады», - деді ол.