Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шыға ма?

Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шыға ма?
primeminister.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу бағытында көліссөз жүргізіп жатыр деген қауесет шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Бір ақпарат агенттігінде осындай мәлімет шығыпты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер Армения өз талаптарын қойып жатса, бұл олардың ішкі мәселесі. Бұл жайында біз ештеңе айта алмаймыз. Қазақстан ҰҚШҰ аясында жұмысын жалғастырып жатыр», - деді А. Смадияров.