Қазақстан құрамасы регбиден жеңімпаз болды

Қазақстан құрамасы регбиден жеңімпаз болды
Сурет: Halyq Uni

Команда жеті ойынның бәрінде жеңіске жетті.

Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ел құрамасы 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Құрама команда Латвия мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтарды да жеңді.

Әйелдер құрамасы былтыр да осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал 2019 жылы «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, Amsterdam Sevens турнирінің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы болған.

Бұдан бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.