Қазақстан құрамасы Данияға 1:3 есебімен есе жіберді

Қазақстан құрамасы Данияға 1:3 есебімен есе жіберді
almaty-akshamy.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы жетінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасының жолы болмады.

Қазақстан құрамасы H тобында қазірге дейін 12 ұпай жинап, төртінші орында тұрған еді. Ал екінші орындағы Данияда 13 ұпай бар болатын.

Алғашқы минуттан даниялық футболшылар жылдам гол соғуға ұмтылды. Дегенмен ойынның 36-минутына дейін есеп ашылған жоқ. Алғашқы голды даниялық Йонас Винд салып өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін Роберт Сков 45, 48-минутта есепті ұлғайтты.

Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский есепті қысқартқанымен ұлттық құрама Данияға 1:3 есебімен есе жіберді