Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті

Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті
kazsports.kz

Әсем Орынбай – Азия ойындарының қола жүлдегері

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті. Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Айта кетейік, бұл Әсемнің осы Азиададағы екінші медалі. Ол бүгін командалық сында әріптесі Зоя Кравченко және Ольга Панаринамен бірге чемпион атанған.