Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 47-ші орында

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 47-ші орында
Сурет: 24.kz

Қазақстан қылмыс деңгейі рейтингінде 142 елдің ішінде 47-ші орында тұр.

Мұны Finprom.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан рейтингте көш бастап тұр. ТМД елдері ішінде Беларусь 32-ші орын, Қырғызстан 36-шы орынға жайғасыпты. Азаматтардың қорғалу жағдайы бойынша Әзірбайжан мен Өзбекстан елімізден кейін орналасты. Әлемдегі ең қылмысы аз ел – Қатар. Қазір Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендемей тұр. Биыл 87 мың құқық бұзушылық тіркелген. Басым бөлігі Алматыда анықталды. Сосын елорда мен Батыс Қазақстан облысы тұр.