Қазақстан Грузия арқылы 3 млн тонна мұнай тасымалдамақ

Қазақстан Грузия арқылы 3 млн тонна мұнай тасымалдамақ
Сурет:Nlevshits.com

Алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақ.

Биыл Қазақстан Грузия арқылы 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Грузияның экономика және тұрақты даму министрлігінің мәліметінше, вице-премьер, экономика министрлігінің басшысы Леван Давиташвили Қазақстан Президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегациямен кездескен. 

Қос тарап Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мәселелерді талқыға салып, бұл салаларда екі елдің әлеуеті жоғары екенін атап өтті. 

«Қазақстандық тарап грузин дәлізі бойынша жүк айналымын ұлғайтуға мүдделі. 2022 жылы Қазақстан Грузин дәлізі бойынша 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақ», - делінген  хабарламада. Сонымен қатар Еуропаға жүк тасымалдауға барынша дайын екені айтылды.