Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысы сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті жиыны өтті. Аталған шарада федерацияның жаңа басшысы сайланды.

Өңірлік футбол федерацияларының дауыс беруі нәтижесінде президент болып Әділет Барменқұлов сайланды.

«Футболдың дамуына мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да қызығушылық болуы қажет. Біздің міндет - мемлекет пен қоғам арасында тығыз байланыс орнату. Футбол ұлттық жобаға айналуы керек. Ол үшін стратегиялық құжат әзірлеуіміз қажет. Ол құжатта футболды дамытудың міндеті мен датасы нақты көрсетіледі. Министрмен кездесіп, нақты жоспарымызды ұсынамыз», - деді Әділет Барменқұлов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.