Қазақстан Арменияға бітімгерлерін жібермейді

Қазақстан Арменияға бітімгерлерін жібермейді
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.

Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатқан жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазір мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ», - деді министр.

Ол Қазақстан шекараны демаркациялау бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

«Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекара делимитацияланбаған, демаркацияланбаған. Сол себепті шекараның бұзылғаны туралы айту қиын. Қазір басты міндет - армян-әзірбайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру керек. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын», - деді Тілеуберді.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ бас хатшысы екі елдің шекарасына барып, жағдайды бақылап, мемлекет басшыларына хабар береді.