Қазақстан арқылы өтетін пилоттық жүк пойызы Үндістанға жөнелтілді

Қазақстан арқылы өтетін пилоттық жүк пойызы Үндістанға жөнелтілді
Сурет: Classpic.ru

Пилоттық пойыз белгіленген станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді.

Жүкті құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап.

«Қырық футтық контейнерден тұратын пилоттық пойыз белгіленген станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы 8 мың шақырымнан асады. KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады», - делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарламасында.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.