Қазақстан алтын сатудан алда

Қазақстан алтын сатудан алда
Сурет: Dauletten.kz

Былтыр Қазақстанның Ұлттық банкі алтын сату бойынша әлемде бірінші нөмірлі ел болды.

Қордағы бағалы металл 294 тоннаға дейін қысқарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі алтынның үлесі 54,2%-ға дейін төмендеді. Сатылған алтын көлемі бойынша көрші Өзбекстан екінші орында 24,57 тоннаға жуық бағалы метал сатқан. Үздік үштікті 10,8 тонна алтын саудалаған Камбоджа қорытындылайды. Сарапшылардың пікірінше, әлем алтын қорын азайтып жатқанымен, дамушы елдерде алтын сатып алу көрсеткіші былтыр соңғы 20 жылда болмаған ең жоғары деңгейге жеткен.