Қазақстан 30-дан астам елмен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөзді жалғастырып жатыр

Қазақстан 30-дан астам елмен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөзді жалғастырып жатыр
Сурет: Stan.kz

Қазіргі уақытта Еуропа, Америка, Азия, Африка мен ТМД-ның жалпы 32 елімен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Әр аймақтағы жұмыстың ерекшелігі айтарлықтай өзгеше екенін түсіну маңызды, сондықтан құжаттарды қабылдау мерзімдерін болжау қиын. Алда ауқымды бірлескен жұмыс күтіп тұр, оның нәтижесі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің тұрақты брифингтері барысында ресми түрде жарияланады», - делінген Сыртқы істер министрлігінің жауабында.

 Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 29 мемлекетіне визасыз бара алады.