Елімізде жанармай бағасы бекітілді

Елімізде жанармай бағасы бекітілді
Сурет: Fainaidea.com

Үкіметтің бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.

Қазақстанда бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдерінің тізімі мен шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.

«Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңген, Қазақстанның басқа облыстарында баға бұрынғы деңгейде - литріне 182 теңгені құрайды», - делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Ведомствоның ақпараты бойынша, екі облыста бағаны түзету бөлшек сауда сатушыларының мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығына байланысты логистикалық шығындармен байланысты.

Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Өйткені Аи-95+ және одан жоғары өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағасымен және валюта бағамымен байланысты.

Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында - литріне 230 теңге.

Бұйрық жобалары «Ашық НҚА» сайтында 8 шілдеге дейін онлайн-талқылау үшін жарияланды.