Қазақ жазушысының кітабы Түркияда жарық көрді

Қазақ жазушысының кітабы Түркияда жарық көрді
Сурет: Тrt.net.tr

Анкарада «Абылай хан мен батырлар» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Танымал жазушы, ақын және драматург Баянғали Әлімжановтың балаларға арналған еңбегінің тұсаукесері Қазақстан Елшілігі мен Түріксойдың ұйымдастыруымен болып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Түркия Радио Телевизия порталына сілтеме жасап.

Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне сүйенсек, іс-шараға халықаралық Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, жазушы Баянғали Әлімжанов, зиялы қауым мен диаспора өкілдері қатысты.