Қайтқан малда қайыр бар...

Қайтқан малда қайыр бар...
almaty-akshamy.kz

Кәсіпкерлерге 50 млн теңге көлемінде тиесілі қаржысы қайтарылды

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуға тиіс болатын. Алайда облыстың медициналық мекемелері міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан, бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі ақшаны қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген лауазымды 30 азамат жауапқа тартылды.