«Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды

«Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды
Сурет: Sports.kz

 «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Арсен Буранчиевтың беті бері қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы команданың Instagram парақшасында хабарланды. 

«Біздің ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отыратын болады», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Клубтың шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалындағы «Қайрат» – «Атырау» матчына билет сатудан түскен бүкіл қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады.

Еске сала кетейік, матч кезінде ауыр жарақат алған «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиевке ота жасалғанын айтқан болатынбыз.

Кеше Алматының орталық стадионында өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчында Арсен Буранчиев допқа таласқан сәтте ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.