Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: Басқа да эпизодтар тергеліп жатыр

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: Басқа да эпизодтар тергеліп жатыр
сурет:kaztag.kz

Барлық істер бойынша активтерді қайтаруға қатысты жүйелі жұмыс жүріп жатыр. 

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Басты іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылды. Ары қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі, басқа деректер тергеліп жатыр», - деді Ұ. Сарқұлов. 

Оның айтуынша, барлық істер бойынша активтерді қайтаруға қатысты жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қылмыстық істер прокуратураның бақылауында тұр.

«Тергеу құпиялығын сақтау мәселесі бар екенін түсіну керек. Егер барлық деректерді ашық жарияласақ, онда бұл әрекет тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған еді.