Қайыржан Әбдіхалықов: Қазақстан теңгерімді демократиялық жүйе жолымен келе жатыр

Қайыржан Әбдіхалықов: Қазақстан теңгерімді демократиялық жүйе жолымен келе жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар маңызды тарихи таңдау жасады.

Халықаралық қатынастар докторы, ҚБТУ профессоры Қайыржан Әбдіхалықов өткен президенттік сайлау қоғамымыздың кемелденгенін көрсеткеніне сенімді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сарапшының пікірінше, өткен президенттік сайлаудың нәтижелері еліміздің саяси болашағы үшін өте маңызды.

«Сайлау учаскелерінде жастар көп болды; адамдар бүкіл отбасыларымен келді, кішкентай балаларды әкелді, барлығы көңілді. Қоғамда өзгерістерге құштарлық барын, бұрын дауыс бермеген көптеген азаматтардың келіп, азаматтық борышын өтегенін байқауға болады», - дейді ғалым.