Қатерлі ісіктің алдын алу мүмкіндігі туды

Қатерлі ісіктің алдын алу мүмкіндігі туды
Сурет: Egemen.kz

Шымкентте ядролық медицина саласы дамып келеді.

Мемлекет басшысы медицина саласында жекеменшік әріптестікті дамытуды тапсырған болатын.  Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын позитронды-эмиссиялық томографиялы орталықтың арқасында енді сырқатқа шалдыққан 5 мың адамға дер кезінде көмек беріп, өлім-жітімді едәуір азайтуға мүмкіндік туды.

Ресми дерек бойынша, Шымкентте жылына бір мың екі жүз адам онкологиялық ауруға шалдығады екен.

«Келгеніме 15 күн болды. Содан бері ем қабылдап жатырмын. Өзіме ұнап жатыр. Нәтижесі шығып жатыр. Анализдер тапсырдық. Бәрі жақсы. Қаламызда емделуге мүмкіндік бар. Болмаса Астана, Алматыға ұзаққа баруға тура келетін еді», - дейді тұрғын Болат Тұрдымұратов.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік - өз тиімділігін дәлелдеп келе жатқан тәсіл. Шымкентте осы бағытта 6 жоба іске асырылуда. Бүгінге дейін мегаполисте кәсіпкерлердің көмегімен "Қайтпас" шағынауданында 500 науқасты қабылдайтын емхана, бүйрек қызметі әлсіз науқастарға арналған орталық және амбулаторлық емдеу орны салынды. Биыл инвестор қаржысына 800 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталады.