Катарда футболдан өтетін Әлем чемпионатын қазақстандық 14 комментатор жүргізеді

Катарда футболдан өтетін  Әлем чемпионатын қазақстандық 14 комментатор жүргізеді
Сурет: Egemen.kz

Әлем чемпионатының 64 матчы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Ойындардың ел аумағындағы ресми хабар таратушысы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Qazaqstan» телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі. Алғашқы ойын 20 қараша күні елорда уақытымен 22:00-де Катар – Эквадор командалары арасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер Әлем біріншілігін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады.