Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адам ұсталды

Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адам ұсталды
24.kz

Маңғыстаулық теңіз шекарашылары Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адамды қолға түсірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ұсталғандардың барлығы - жергілікті тұрғындар. Қазір ресейлік шекарашылармен біріккен рейд жүргізіліп жатыр. Оның аясында ұзындығы 60 шақырымнан асатын ау-торлар тәркіленді.

Бұдан бөлек  нарықтағы бағасы 172 млн теңге болатын 20-ға тарта бекіре мен  3 мың өзге де балық түрлері тәркіленіп, теңізге жіберілген. 

- Бірлескен рейдтік шаралар кезінде мемлекет шекарасын кесіп өткен 2 адам ұсталды. Сондай-ақ шекара режимін бұзған 112 азамат енді заң алдында жауап береді. 8 қайық тәркіленді. Бас-аяғы 2 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды - деді ҚР ҰҚК ШК департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Малшыбаев.