Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқтар Әубәкіровті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқтар Әубәкіровті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Халық қаһарманы ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті.

Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.


Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.