Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Сурет: Akorda.kz

Қойнауы қара алтынға толы аймақ.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырау облысы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді. Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды. Бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары тұр. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мен Үкімет басқарған кезде мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын. Мұнайды экспорттау жолдары шектеулі, өте қиын заманды бастан өткердік»,- деді Президент.

Аймақ халқы қазір де мемлекетімізді нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жатыр.

«Сол үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл өңірде мұнайшылық байырғы кәсіпке айналған. Қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевтың жолын ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.