Қасым-Жомарт Тоқаев Юй Баоцайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Юй Баоцайды қабылдады
Сурет: Akorda.kz

 Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының президенті Юй Баоцай еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.