«Әкеңнің қорасына қояды да...»

«Әкеңнің қорасына қояды да...» corfiatiko.blogspot.com

Ауыл сыртындағы төбеде кешкі қоңыр салқынмен бірнеше адам әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Елге сөз бермей, есіп отырған біреу беті бүлк етпестен:


– Менің әкемнің керемет бай болғаны соншалық, малының нақты санын өзі де білмейтін еді. Тіпті мыңғырған жылқысына арнап салынған қорасы сұмдық үлкен болатын: сендерге өтірік, маған шын, сол қораның бір шетінен кірген жас жабағы ана шетіне жетем дегенше бесті бие боп, құлындап та үлгеретін, – деп соғыпты.


Сонда бағанадан бері үнсіз отырған Қожанасыр шыдамай кетіп:


– Рас айтасың, сөзіңнің бір де өтірігі жоқ, – депті. – Сол кездерде менің әкем сенің әкеңнің жылқысын бағатын. Әкемнің керемет ұзын құрығы бар еді. Соншама қыруар жылқыны айдап келе жатып, үйірді бастайтын айғырдың бірі сәл қия басса, қолындағы құрығымен басқа салып жіберіп, қайырып алатын. Ал аспан түнеріп, жаңбыр жауғалы жатса, әкем әлгі құрықпен бұлттарды олай-былай қозғап, ыдыратып жіберетін де, аспан шайдай ашылып шыға келетін.


Өзін мазақ қылып отырғанын сезген болуы керек, әлгі суайт Қожанасырға күдіктене қарап:


– Онда айта қойшы ал, әкең сол жер-көкке сыймайтын ұзын құрығын кешке қайда қоюшы еді? – деп сұраған екен, Қожекең саспастан:


– Қайда қоюшы еді? Сенің әкеңнің қорасына қояды да! – депті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02