Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген.
Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.