2024 жылы байлық салығы енгізілуі мүмкін

2024 жылы байлық салығы енгізілуі мүмкін
Сурет: РБК

Ұлттық экономика министрі байлық салығының қашан енгізілетінін айтты.

Қазіргі кезде бір адамның атына тіркелген үйдің санына қарай салық салуға қатысты ұсыныс бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында біз осы мәселені кеңінен талқылап, жаңа Салық кодексімен бірге жылдың соңына дейін қабылдауды жоспарлап отырмыз», - деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, байлық салығы қымбат көліктерге, жеке яхталар мен ұшақтарға ғана емес, жылжымайтын мүлікке де салынады.

«Санына қарай бола ма, бағасына қарай салына ма, біз оны әлі талқылаймыз», - деп атап көрсетті министр.