Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз.

Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін», - деп жазылған жеделхатта.